Мәжіліс колледжде онлайн оқу және жетім балалардың құқығын қорғау мәселесі бойынша түзетулерді қарайды
Сурет: unsplash
Мәжіліс депутаттары "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заң жобасын Оқу-ағарту министрлігі дайындаған. Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, құжат негізінен үш мәселені қамтиды.
"Біріншіден, колледждерге онлайн оқыту мүмкіндігін беру. Екіншіден, хабарлама арқылы қосымша білім беру мекемелерін ашу. Үшіншіден, жетім балаларға қолдау көрсететін кәсіби отбасы институтын құру. Жалпы біздің комиссия тиісті қорытынды әзірлеуге дайын".Асхат Аймағамебетов
2023 жылдың 19 қыркүйегінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына өзгерістер дайындағаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript