Проблемалы қарыз алушылардың кешірілген берешегі салықтан босатылады
Сурет: senate.parlam.kz
18 қазан күні мәжіліс Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасы аясында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту көзделіп отыр. Ол үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістері салық салудан босатылмақ.
"Бүгінде барлығымызды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің бірі халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістерді салық салудан босату көзделіп отыр. Екіншіден, негізгі заң жобасы аясында балаларға Ұлттық қордың табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату ұсынылып отыр. Үшіншіден, еліміздің азаматтары мен заңды тұлғалары сотқа жүгінгенде айқындалған мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, конституциялық құқығын толық пайдалануын қамтамасыз ету үшін, осы төлемді кейінге қалдыру тетіктері ұсынылады".Мәжіліс депутаты Мәди Такиев
- Төртіншіден, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банк ноталары бойынша салық салынатын кірісін азайтуға мүмкіндік беретін құқығын алып тастау жоспарланып отыр. Бұндай қадам, оларды бос қаражаттары есебінен экономиканың нақты секторын, соның ішінде бизнесті кредиттеуге бағыт/тайды деген сеніммен жасалып отыр.
- Бесіншіден, мемлекет басшысының тапсырмасына сай барлық арнайы экономикалық аймақтың тиімділігін арттыру мақсатында олардың қатысушыларына салықтық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу ұсынылады.
Сонымен қатар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (АЭА) қатысушылары мен басқарушы компанияларына олардың жобаларының құнына қарай салық жеңілдіктерін берудің сараланған тәсілі енгізіледі. Кодексте басқа да түзетулер қарастырылған.
"Одан бөлек, Евразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің ставкаларын кезең - кезеңімен арттыру жұмысы аясында сыра қайнату өнімдеріне акциздер ставкаларын литріне 79 теңгеден 90 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Сонымен қатар негізгі Заң жобасы аясында салықтық әкімшілендіруге қатысты қолданыстағы Салық кодексінің кейбір нормалары нақтыланды. Оның ішінде, жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялау науқанының алғашқы екі кезеңінің өту нәтижелерін ескере отырып, алдағы декларациялау үрдісіне біраз жеңілдіктер енгізетін нормалар қарастырылған". Мәжіліс депутаты Мәди Такиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript