Түркістанда жүргізушінің көлік ішінде есірткі тұтынған сәті камераға түсіп қалған
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Түркістанда полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі қолданған көлік жүргізушісін анықтады. Орталық ақпараттық басқарма кезекшілер патрульдік полиция қызметкерлерін сол аумаққа бағыттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнында тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғыны, көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады.
Тексеру кезінде ер азаматтан есірткіге ұқсас зат табылды. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, алынған зат "марихуана" болып шықты.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы "есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript