Жаңалықтар тізбегі
0

Азаматтарға банк қарызы мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы берілмек

Азаматтарға банк қарызы мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы берілмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 18:14 Сурет: unsplash
Бұл үшінші тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттер рәсімдеуінің алдын алады. Тыйым салуды "электрондық үкіметтегі" жеке кабинетте жасауға болады.

Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Азаматтар өздерінің дербес деректерімен жасалған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біле алады. Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісі хабарлады.

Сонымен қатар дербес деректер базаларының меншік иелері мен операторларына бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізіледі.

Мәжіліс бүгін осы мәселеге қатысты ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түзетулерді қабылдап, сенаттың қарауына жіберді.

Депутаттардың бастамашылығымен әзірленген заң жобасы 27 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: