Мәжіліс "Қоғамдық бірлестіктер туралы" заң жобасын мақұлдады
Сурет: senate.parlam.kz
Мәжіліс қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет жане ақпарат министрі Аида Балаева мемлекет басшысы 2022 жылы 16 наурыздағы жолдауында қоғамды демократияландыру аясында азаматтық қоғаммен əріптестікті нығайтуды тапсырғанын айтты. Ол қоғамдық бірлестіктер туралы заңның қабылданғанына 27 жыл болғанын еске салды.
"Бұл өз кезегінде бізге азаматтарымыздың қоғамдағы құқығын одан әрі кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер жасауға міндеттейді. Сондықтан да қоғамдық бірлестіктер туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің уақыты келді. Осы өзгерістердің ең маңызды жаңалығы – қоғамдық ұйымды тіркеу туралы бастама көтерген азаматтардың санын үш есе қысқарту, яғни 10 адамнан үш адамға дейін қысқарту. Әрине, бұл өзгерістердің саяси партияларға еш қатысы жоқ". Аида Балаева
Азаматтық қоғам саласы – мемлекет дамуының маңызды бағыттарының бірі. Елімізде 22 мың түрлі Мемлекеттік емес ұйым жұмыс істейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript