Құспан: Бас прокуратура резонанс тудыратын саяси мәлімдемелерге неліктен құқықтық баға бермейді
Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Азал Құспан Бас прокуратура конституциялық орган ретінде қоғамда резонанс тудыратын саяси мәлімдемелерге дер кезінде құқықтық баға беруі, дәлел келтіріп, жеткілікті болған жағдайда қылмыстық істің сотқа жеткізілуін қамтасыз етуі қажет деп есептейді.
Депутаттың сөзінше, қоғамда "ескі Қазақстанда" болған коррупция, белгілі бір саяси топтың мүддесі үшін қабылданған шешімдер бар. Кейінгі уақытта аталған мәселелер бойынша ірі саяси қызметте болған азаматтардың түрлі әлеуметтік желілердегі мәлімдемелері қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.
"Мысалы, бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған А Шабдарбаевтың өзі бірнеше рет ашық сұхбат берді. Бұрынғы төраға, генерал-лейтенант Шабдарбаевтың сол кездегі мемлекет басшылығы тарапынан уран кеніштері кімге, қалай үлестірілгені туралы сұхбаттарда нақты мысалдары бар. Ол кісі түрлі саяси фамилияны атап, кімнің қандай қылмысқа барғанын әшкереледі. Жер-қазба байлықтарына байланысты, олардың заңсыз үйлестірілуіне тікелей дәлелмен Мұхтар Жәкішев, тағы да басқа бірқатар азаматтың ашық сұхбаты, мәлімдемесі жарияланып, онда ірі компанияларға Қазақстан халқына тиесілі байлықтың таратылуы, заңсыз берілу нақты айтылған. Аталған азаматтардың сұхбатын миллиондаған адам көрген, мыңдаған пікір жиналған". Абзал Құспан
Депутат осы жағдайларға құқық қорғау органдары, прокуратура тарапынан ешқандай реакция байқалмайтынын айтты. Бірде бір мәселе көтерілмейді. Сонымен қатар Абзал Құспан еліміздің заңдары бұл туралы не дейтінін тізіп шықты:
"Қолданыстағы ҚР Қылмыстық-процесстік Кодекстің 180-бабының талаптарына сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар негіз болатыны анық-қанық көрсетілген. Жоғарыда аттары аталған азаматтарың саяси қызметте болғанын білеміз, олардың мәлімдемелерінің негізі бар деп есептеуге болады. Тіпті олай болмаған жағдайдың өзінде, ақпарат ҚПК 180-бабының талаптарына сай, СТБТ (ЕРДР) тіркеліп сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі халыққа хабарлануы керек деп білемін. Себебі БАҚ-а жарияланған қылмыс туралы ақпараттарды СТБТ-ға тіркеу құқық қорғау органдары үшін талқылауды қажет етпейтін, императивті норма". Абзал Құспан
Осындай ашық ақпараттарды Бас прокуратура құқық қорғау органдарынан уақтылы тексеруді талап етпеуі, ел арасында түрлі алып-қашпа әңгімелердің тарауына себеп болады дейді депутат.
"Бас прокуратура – заңның орындалуын қадағалайтын Конституциялық орган ретінде, қоғамда резонанс тудыратын саяси мәлімдемелерге дер кезінде құқықтық баға беруі, дәлелдер мен дәйектер жеткілікті болған жағдайда қылмыстық істің сотқа жеткізілуін қамтасыз етуі қажет", - деп Абзал Құспан өзінің сауалын Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript