Қажылыққа барушыларды алдаған туристік фирма басшысы ұсталды
Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу нәтижесі бойынша "Zam Zam Qazaqstan" туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді.
"Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды. 22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды", делінген ІІМ хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары әлі жүргзіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript