ЕАЭО аясындағы аудиторлық қызметке қойылатын бірыңғай талап: Тоқаев заңға қол қойды
Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген хабарламада.
Келісімге мемлекет басшыларының 2022 жылы 19 сәуірде Мәскеуде қол қойғаны белгілі.
ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, аталған келісімнің мақсаты - ЕАЭО аудиторлық қызметтерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру, аудиторлық қызметтерді шектеусіз жеткізу және қабылдаушы елде қосымша белгілеусіз ерекшеліктер, аудиторлардың біліктілік сертификаттары мен аудиторлық есептерді өзара тану.
Құжатты ратификациялау біртұтас нарықтың барлық қатысушысы үшін ортақ құқықтық негізді белгілеп қана қоймай, аудиторлық тексерулер мен біліктілік куәліктерінің нәтижесін мойындайды. Сонымен қатар ерекшеліктер мен шектеулерсіз Қазақстаннан тыс жерлерде қызметті жүзеге асырады деп көзделген.