Жеңіл көлігінің артқы бөлігіне жылқы салып алған ер адам полицейлерді таң қалдырды
Сурет: pixabay
ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған. Тәртіп бұзушы "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері патруль кезінде 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде жүргізушінің артқы орындықта тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған.
"Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript