Желіде егде әйел жас қыз болып танысып, елордалық жігіттерді алдаған деген күдікке ілінді
Сурет: pixabay
Байқоңыр ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Степногорск қаласының 49 жастағы тұрғынын анықтады. Келіншек интернет арқылы байланысқан елордалық ер адамдарды алдап соққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық бойынща арызбен жүгінген.
"Жәбірленуші "Друг Вокруг" қосымшасы арқылы бір қызбен танысқанын айтады. Әдемі қыздың суретін көріп, есі кеткен ол шынайы өмірде таныспақшы болып, сұлуды Астанаға шақырады. Кездесуге келіскен ару одан жолына ақша сұрайды. Оған 28 мың теңге аударған ер адам ақырында түксіз қалған. Виртуалды танысы кездесуге келмей, тіпті байланысқа шығуды доғарған". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Тергеу барысында Степногорск қаласының тұрғыны Астананың 13 азаматын алдағаны анықталды. Әйел өз істегенін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі, "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript