Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық полицейлер желідегі ойынқұмар жандарды сан соқтырған алаяқты ұстады

Instagram, Астана, алаяқ, букмекерлік кеңсе, бәс тігу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2023 14:27 Сурет: Zakon.kz
Елорданың тәртіп сақшылары алақтық бойынша күдіктіні ұстады. Желіде "ұтысқа бәс тігіп, ақшаңды көбейтіп беремін" деген бейтаныс жігітке сенген оннан аса азамат сан соғып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел іздестіру шаралары барысында Алматы ауданы ПБ полицейлері 19 жастағы Астана тұрғынын ұстады. Ол өзінің алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында Instagram-да букмекерлік кеңселерде бәс тігу үшін өз парақшасына жазылушыларға өзіне ақша аударса, соны бірнеше есеге көбейтуге уәде бергені анықталған.

"Ақшаны алғаннан кейін біраз уақыттан соң алаяқ белгілі бір сома ұтып алғанын, ол үшін өзіне тағы ақша аударуды хабарлаған. Алайда, ақшасын "букмекерлік кеңсеге бердік" деп алданғандар ақшаларын сол күйі кері ала алмаған", делінген полиция хабарламасында.

Осылайша, Шымкент қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 70 мың теңгені бәс тігу үшін аударғанын айтқан. Қостанай облысындағы ауыл тұрғыны да дәл осындай жолмен алданып, 47 мың теңгесінен айырылған. Осыған ұқсас қылмыс белгілері бойынша полицияға 17 азамат арызданған.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның Астанада осыған ұқсас алаяқтық істеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: