Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция Дина Таңсәріге іздеу жариялады

Дина Таңсәрі, іздеу жарияланды, Не молчи қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 19:04 Сурет: Instagram/dinatansari
"НеМолчи" жобасының басшысы Дина Таңсәріге (Смайылова) ресми түрде іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында орналастырылған.

Сайтта атап көрсетілгендей, іздестіру жұмыстары 2023 жылы 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған.

2023 жылдың желтоқсан айының басында Шығыс Қазақстан облысының тергеушілері Таңсәріге қатысты алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс тергеп жатқандарын мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, 2023 жылы 16 қазанда Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ ҚР ҚК-ның 190-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

190-бап 3-бөлім алаяқтыққа жол беру:

  • ірі мөлшерде;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген не оған теңестірілген адамның не лауазымды тұлғаның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, егер ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан болса;
  • екі немесе одан да көп адамға қатысты.

Ол кезде, 2023 жылы 5 желтоқсанда Таңсәрі Telegram-дағы арнасында қор өз жұмысын жалғастырып жатқанын айтқан болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: