Түркістанда шетелдік қыздарға "жеңгетай" болған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында саунада шетелдік қыздардың интимдік қызмет көрсетуіне жағдай жасаған 50 жастағы жеңгетайға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізу барысында Сарыағаш ауданы аумағынан жеңгетайлық фактісінің жолын кесті.
"Нақтырақ айтсақ, Шымкент – Ташкент тас жолында орналасқан сауналардың біріне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер Сарыағаш қаласының 50 жастағы тұрғыны, яғни әйелді ұстады. Тінту кезінде одан ақшалай қаражат пен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сондай-ақ полиция бөліміне 9 жеңіл жүрісті қыз жеткізілді. Оның ішінде алтауы Өзбекстан азаматы болса, үшеуі - қазақстандық", делінген өңірлік полиция хабарламасында.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript