Жаңалықтар тізбегі
0

Риддерде есірткі препараты онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындалған

Есірткі препараты, Риддер, онкологиялық ауру, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 17:11 Сурет: unsplash
Риддер қаласының прокуратурасы тексеру барысында "Риддер қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК-де есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісін анықтап, тергеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Трамадол" - ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №240 қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілген, оларды өткізу және беру онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана жүзеге асырылады.

"Аталған талаптарды бұзып, қалалық аурухананың онколог-дәрігері есірткі препаратын онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындап, рецепт бойынша дәрі алуға рұқсат қағазын психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға берген. Риддер қаласының прокуроры есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады".Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Ресми орган тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын нақтылайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: