Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміз ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының тәртібі туралы хаттаманы ратификациялады

Медициналық бұйымдар, ЕАЭО, Қазақстан, хаттама, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 18:12 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы "2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетсек, аталған келісім 2016 жылғы 12 ақ­панда күшіне енген. Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі одақ шеңберінде меди­циналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс ен­гізу туралы төрт хаттама ма­құл­данған. 

Бірінші хаттаманы ратификациялау бұрынғы ұлттық рәсім бойынша берілген мерзімсіз тіркеу куәліктері бар медициналық ұйымдарға Еура­зи­я­лық экономикалық одақ шеңберінде қайта тіркелмей Қазақ­стан аумағында еркін айналымда болуына мүмкіндік береді. Ұлттық заңнама бойынша 10 медициналық бұйым тіркелген. Оларды одақ шеңберінде қайта тіркеудің қажеті жоқ.

ДСМ мәліметінше, екінші хаттама ұлттық тіркеуді 2022 жылдың аяғына дейін ұзартуға және ұлттық заңнама бойынша жаңа медициналық бұйымдарды тіркеуге мүмкіндік берген. Алайда бұған тиісті мекемелер дайын болмағандықтан, оны 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін созу туралы төртінші хаттама әзірленді. 


"Бұл заңдар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы меди­циналық бұйымдар айналымына қатысты жекелеген мәселелерді реттеуге арналған. Жаңа нормалар Еуразия­лық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді сапалы меди­ци­налық бұйымдармен жүйелі негізде қамтамасыз етуге қолайлы жағдай қалыптастырады деп сенеміз", - деді Мәулен Әшімбаев аталған құқықтық құжаттың Сенаттағы талқысы барысында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: