Аса ірі алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы БАӘ-ден экстрадицияланды
Сурет: freepik
20 наурызда Бас прокуратура мен Ішкі істерминистрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істерминистрлігінің көмегімен күдікті - Қазақстан азаматын аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, ол 2010 жылы танысын алдап, банктен несие алу үшін кепілдік беруші ретінде тартқан, бірақ ақшаны алғаннан кейін ол жасырынып, жәбірленушіге 260 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, 10 жылдай халықаралық іздеуде болған. 2023 жылдың соңында ол Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген хабарламада.
Айыпталушыға аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript