ШҚО-да есігі жоқ көлікті тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Зайсан қаласының тұрғыны есіктері жоқ көлікпен жүрген үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Жол жүрісі қағидаларын бұзу сәтін сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар қызық үшін видеоға түсіріп, кейін ол ғаламтор желісінде кеңінен тарады.
"Зайсан қаласы көшелерінің біріндегі жастар алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікпен жүріп, өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызатын сәт камера объективіне түсіп қалған. 20 жастағы жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды". ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript