Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада пара беруге итермелеген қос алаяқ сотталды

Сот үкімі, Астана, алаяқтық, пара беруге итермелеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 19:09 Сурет: Zakon.kz
Астанада пара беруге итермеледі деген айыппен екі алаяқ сотталды. Екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға "№2 және №5 нан базасы" "Астық қоймалары" ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіпов М. сотталды. Ер адам мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына аса ірі мөлшерде дәнді дақылдарды жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін 350 мың АҚШ доллары сомасында пара беру бойынша күдікке ілінді.

Аталған іс бойынша пара беруге итермелегені және алаяқтыққа оқталғаны үшін тағы екі адам сотталып, әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Осы үкіммен пара беруге итермелегені және алаяқтыққа оқталғаны үшін И. Барабаш пен Т. Демесинов әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды". Антикор қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Антикор қызметі пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдар пара алушылармен қатар шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінен айырылғанын еске салады.

Пара бергені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру, әскери атақтардан, сыныптық шендерден, мемлекеттік наградалардан және т.б. айыру көзделген.


"Азамат құқық қорғау органына өз еркімен хабарлаған немесе оған қатысты бопсалау орын алған жағдайда ғана пара бергені үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Барлық басқа жағдайларда пара беруші қылмыстық жазаға тартылады. Өз кезегінде жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз", делінген ведомство хабарламасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: