Түркістанда үш жасар бүлдіршін көз жұмды: полиция қайғылы жайттың мән-жайын баяндады
Жоғалған бүлдіршінді іздеу жұмысына Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда", деп хабарлайды облыстық ПД.
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады.
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Бүлдіршін 16 мамырда жоғалып кетті.
Сарыағаш ауданында полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы хабарлап, көмекке жүгінген. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, төтеншеліктер, әкімдік өкілдері, құтқарушылар, еріктілер және бей-жай қарамайтын барлық тұрғындар жұмылдырылды.
19 мамырда бүлдіршіннің денесі табылды.