Қанат Таймерденовтың ұсталғаны рас па – Бас прокуратура жауабы
Сурет: gov.kz
ҚР Бас прокуратурасы бүгін, 2024 жылы 28 мамырда Алматы қаласы полиция департаментінің (ПД) бұрынғы бастығы Қанат Таймерденовке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас құзырлы орган Алматы қаласы полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы түрлі Telegram арналарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін нақтылайды.
"Осыған орай, Бас прокуратура көрінеужалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады", делінген ҚР Бас прокуратурасы хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript