Ғылым министрлігі баршаны алаяқтықтың жаңа толқыны жайынан құлғадар етті
Сурет: freepik
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ел азаматтарын алаяқтық фактісі жайынан ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік аталған ескертуді 2024 жылы 5 маусымда таратты.
"ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды WhatsApp және Telegram желілері арқылы жалған аккаунттар ашып, Ғылым және жоғары білім министрлігі қызметкерлері мен басшылығы атынан қоңырау шалатын, сонымен қатар жалған ақпарат жіберетін бір топ адамдардың алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелерге жазылмауға, сондай-ақ ақша аударымдарына жол бермеуге шақырады", делінген хабарламада.
Ғылым министрлігі осындай күмәнді қоңыраулар түссе, бұл фактілер туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript