Жаңалықтар тізбегі
0

Прокуратура Көкірекбаевтың ісі бойынша сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым түсірмек ниетте

Сот үкімі, Бас прокуратура, Көкірекбаевтың ісі, апелляциялық шағым, парақорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2024 09:33 Сурет: freepik
Прокуратура Көкірекбаевтың ісі бойынша шығарылған сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым түсіретін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Көкірекбаевқа қатысты соттың ақтау үкімінің күшін жою туралы прокуратурамен апелляциялық өтінішхат келтіріледі.

Айта кетсек, 2024 жылғы 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялады. Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: