Ақмола облысының тұрғындарын тақырға отырғызған алаяқ ұсталды
Сурет: pexels
Өңірлік прокуратура алаяқтардың қармағына Ақмола облысының 33 тұрғын ілінгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тағы да маркетплейстер арқылы тауар сатып алу, сондай-ақ қоңырау шалған ұялы байланыс операторларына сену арқылы азаматтар ақшасынан айырылды.
"Осы аптада белгісіз тұлға облыс тұрғынына телефон соғып, өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтық жолмен 750 мың теңге несие ресімдеген. Басқа бір жағдайда, OLX арқылы пәтер жалдағысы келген 3 адам алаяққа 115 000 теңге алдын ала төлем аударған", делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта алаяқ анықталып, қамауға алынды.
Облыс прокуратурасы сатушының сенімділігіне көз жеткізбей, тауардың толық төлемін аудармауға кеңес береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript