Алматы, Түркістан облысы: Қаңтар оқиғасының белсенділерімен байланысты қылмыстық топ мүшелері ұсталды
ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр7
ҚР ІІМ баспасөз қызметі 17 маусымда Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
"Топ мүшелерінің “қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді", делінген хабарламада.
Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.