Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура ата-аналарға үндеу тастады

Бас прокуратура, ата-аналар, үндеу, ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2024 17:58 Сурет: gov.kz
Қазақстандық ата-аналарға 2024 жылғы 26 маусымда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен ескерту түрінде үндеу жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті.

"ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша заңды өкілдерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 2024 жылдың бес айында 2 474 тұлға 14 646 711 теңге сомасына айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша заңды өкілдеріне ескерту жасалды. Осы норманы бұзғаны үшін 46-дан астам тұлғаға ескерту түрінде жаза тағайындалды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін (ӘҚБтК 442-бабы 3-бөлігі) 2 001 тұлғаға 30 274 003 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айыппұл жеті айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Аталған санаттағы ең көп құқық бұзушылықтар мына өңірлерде тіркелді:

  • Шымкент қаласы – 4 425,
  • Түркістан облысы – 4 122,
  • Алматы облысы – 4 036,
  • Жамбыл облысы – 3 865;
  • Маңғыстау облысы – 3 549.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: