Аида Балаеваның атынан да жалған хабарламалар тарай бастаған
Сурет: pexels
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мұндай хабарламалар алаяқтардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет ету ұсынылады:
- келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.
- алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.
Айта кетсек, 17 маусымда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде ведомство төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан жалған аккаунттар ашып, хабарлама таратып жатқан алаяқтар барын ескерткен болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript