Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк қазақстандықтарға жүгініп, мәлімдеме жасады

Ұлттық банк, жалған аккаунт, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2024 19:55 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банк алаяқтар әрекеті жиіліп кеткенін ескертеді. Бұл жолы қаскөйлер монетарлық орталықтың желіде жалған парақшаларын ашқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскөйлер Instagram әлеуметтік желісінде national_bank_kazakhstan деген жалған парақша ашқан.

"Осы секілді фейк-парақшаларды ашу арқылы алаяқтар фишингтік хаттар жіберуден бастап азаматтардың жеке деректерін немесе қаражаттарын жымқыруды көздейтін түрлі жымысқы әрекеттерге барады. Ұлттық Банктің доменіне ұқсас атауларды қолдана отырып қаскөйлер фишингтік хаттарды жіберу үшін реттеушінің атынан жалған пошта ашады. Ондай хаттарда, әдетте, жалған сайтқа сілтеме беріледі немесе төлем жасауға арналған өтініштер мен танысуға шұғыл құжаттар болады. Сілтемеге басқан жағдайда пайдаланушының мобильді құрылғысын қашықтан басқаруға негізделген алаяқтардың зиянды бағдарламасы қондырылады". ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық банкі өздерінің Instagram-дағы жалғыз ресми аккаунты –  https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan екенін еске салады.

Алаяқтардың қақпанына түсіп қалмау үшін Ұлттық банк күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.

Сондай-ақ Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайды, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейді.


"Егер Сіз немесе жақыныңыз алаяқтардың арбауына тап болса, арыз жазу арқылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Қазақстан Ұлттық банкінің байланыс орталығына да хабарласуға болады", делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: