Сеніп қалмаңыз! Бір реттік әлеуметтік төлем туралы жалған хабарлама тағы тарап жатыр
Сурет: stopfake.kz
Әлеуметтік желіде Қазақстанның әрбір азаматтына 150 мың теңге көлемінде берілетін-мыс бір реттік әлеуметтік төлем туралы хабарлама тағы тарауда. Бұл хабарлама – фейк, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылғанын желеу еткен алаяқтардың бұл әрекетін stopfake.kz әшкерелеген. Алаяқтар ақпарат шынайы болып көрінуі үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесін пайдаланған.
"Алаяқтар төлем туралы бірқатар министрліктер хабарлағанын жеткізеді. Біз бұл ақпаратты тексердік. Бір де бір ведомство мұндай жаңалықты жарияламаған, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында да, ҚР Қаржы министрлігінің сайтында да ештеңе жоқ", деп жазады портал.
Сонымен қатар алаяқтар атап өткен қайырымдылық қоры деген біздің елімізде мүлде тіркелмеген.
Алаяқтар бұл мемлекеттік бағдарлама Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылып жатқанын айтады. Бірақ қаржы мекемесінің ресми порталында мұндай төлемдер туралы айтылмаған.
Мемлекет басшысының ресми сайтында да мұндай ақпарат жоқ.
"Қылмыскерлер берген сілтемеде азаматтар төлемнің бар-жоғын тексеру үшін ЖСН-ді теруге тиіс. Бұл айла. Күмәнді сайтта деректерді қалдыра отырып, сіз өзіңіз туралы маңызды ақпаратты белгісіз адамдарға бересіз. Олар оны өз мақсатында пайдалана алады. Баршаңызды тек ресми хабарламаларға ғана сенуге шақырамыз", делінген хабарламада.
Айта кетсек, күні кеше Onay компаниясы өз аттарынан жалған хабарлама тарап жатқанын ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript