Антикор Сәтбаев қаласының экс-полицейіне іздеу жариялады
Сурет: gov.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ауыр қылмыс жасаған Қазақстан азаматына іздеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бақыт Әділ Есенжолұлы - 25.07.2000 жылы туылған. Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қалалық ПБ-ның бұрынғы жедел уәкілі). Бұлтартпау шарасы – "Қамауда ұстау". Антикордың баспасөз қызметі
Іздеудегі адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат берушіге сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі.
"Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен-жайы Жезқазған қаласы, Құрманбаев көшесі, 15) мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31. Кезекші бөлім, іздестіру тобы, 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07 ұялы телефоны, (немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу)". Антикордың баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript