Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция өзін мекеме басшысы ретінде таныстыратын алаяқтар жайлы ескерту жасады

Хакер, интернет алаяқтық, мемлекеттік, квазимемлекеттік, ірі коммерциялық мекемелердің басшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 17:30 Сурет: freepik
Астана қаласының полиция департаменті алаяқтардың мессенджерлерде жалған аккаунттар құрып, өздерін мемлекеттік, квазимемлекеттік және басқа да ірі коммерциялық мекемелердің басшылары ретінде таныстырып, адамдарды алдап соғатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, осылайша, құқық қорғау органдарының атынан ұйымдардың қызметкерлеріне сырттан тексеру жүргізілетіні туралы хабарланады.


"Алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, олардың банктік шоттары арқылы террористік ұйымдарды қаржыландыру фактісі анықталғанын хабарлайды, содан кейін қорқыту арқылы ақшаны банк шоттарына аударуды немесе қолма-қол ақшаны құқық қорғау органдарының қызметкерінің қолына беруді сұрайды. Осыған байланысты азаматтардан абай болуды, белгісіз абоненттік нөмірлермен диалогқа түспеуді, сондай-ақ ешбір жағдайда белгісіз банктік шоттарға ақша аудармауды және бөгде адамдарға бермеуді сұраймыз. Барлық күдікті фактілер туралы дереу полицияның "102" нөміріне хабарлауды сұраймыз", делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, биыл елорда аумағында 2500-ден астам интернет-алаяқтық тіркеліп, 505 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Азаматтарға келтірілген залал 2 млрд теңгеден асады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: