Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында су каналы жекеменшікке берілді ме – прокуратура мен министрлік түсініктемесі

Су көтеру каналы, Түркістан облысы, Қазсушар, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 21:35 Сурет: primeminister.kz
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысы прокуратурасының "Қазсушар" Түркістан филиалының "СК Парасат" ЖШС-ға "Тәуелсіздіктің 20 жылдығы" атындағы су көтеру каналын өтеусіз беруі туралы таратқан ақпаратын жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 19 тамызда Түркістан облысы прокуратурасының сайтында су көтеру каналының мемлекет меншігіне қайтарылғаны туралы ақпарат пайда болды. Прокуратура мәліметінше, 13 млрд теңгеге салынған, ұзындығы 13,9 шақырымды құрайтын "Тәуелсіздіктің 20 жылдығы" атындағы машиналық әдіспен су көтеру каналын он жылға өтеусіз беру туралы "Қазсушар" Түркістан филиалы мен "СК Парасат" ЖШС арасында жасалған келісімшарт жарамсыз деп танылды. Сөйтіп ол жекеменшікке өтеусіз берілген.

Zakon.kz сауалына берген жауабында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушарға" тиесілі каналдың жекеменшікке өтеусіз берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Біріншіден, "СК Парасат" ЖШС-нің жеке меншігіне машиналық әдіспен су көтеру каналы берілмеді және оны мемлекет меншігіне қайтару туралы да ақпарат негізсіз болып табылады", делінген министрлік жауабында.

Министрлік бұл арада арнаның бір бөлігін және оған іргелес аумақты сазды және құм тәрізді шөгінділерден тазартуға қатысты "СК Парасат" ЖШС-мен арада жасалған келісімшарт туралы сөз болып отырғанын айтады.

"Жасалған шарт талаптарына қарамастан, "СК Парасат" ЖШС каналға іргелес аумақтардан құмды өз бетінше өндіріп, кейіннен оны сата бастаған және бұл заңсыз қызмет каналдың экологиясы мен сындарлы бөлігінің бұзылуына әкеліп соққанын ескере отырып, "Қазсушар" РМК 2023 жылы қазанда жасалған шартты бұзу рәсімін бастады", - деп түсіндірді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, "Қазсушар" РМК атынан канал арнасын тазарту шартын бұзу бойынша сот органдарына талап-арыздар берілген. Арыздардың қорытындысы бойынша ҚР ҚК-нің 334-бабы, 2-бөлігі бойынша серіктестікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Іс сотқа дейінгі тергеу сатысында.

Сондай-ақ, министрліктің ақпараты бойынша, "Қазсушар" РМК 2024 жылы ақпанда Бас прокуратураға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және Қаржылық мониторинг агенттігіне "Қазсушар" РМК бұрынғы лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері және "СК Парасат" ЖШС-ның заңсыз кәсіпкерлік қызметі фактісі бойынша шаралар қабылдау үшін талап-арыздар жолдады.

"Су ресурстары және ирригация министрлігі нысандарды мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері 32 нысан мемлекеттің меншігіне қайтарылды", делінген ведомство хабарламасында.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: