Жемқор екі шенеунік пен пара бергіш кәсіпкерге бірнеше миллион айыппұл салынды
Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегенов, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаев және жеке компания өкілі А. Шұбаев жемқорлық бабымен сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылы 26 тамызда Антикор жариялаған ақпаратқа сәйкес, Төлегенов пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сондай-ақ Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Шұбаевтан 600 мың теңге сомасында пара алған.
"Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаевқа 12 млн теңгеден, Әділбаев 26 млн теңге айыппұлға сотталды". ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, 2024 жылы 22 тамызда Антикор Astana LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасын жауап алуға шақырғанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript