Зейнетақы қорындағы ақшасын аудартып алғысы келген ақтөбеліктер сан соғып қалды
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында зейнетақы қорынан ақша алғысы келген сегіз адамды сан соқтырған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға облыс тұрғындары зейнетақы қорынан ақша алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелге қатысты арыз түсірген.
"Күдікті әйел белгілі бір сыйақыға зейнетақы қорынан ақша алып беруге уәде берген. Жәбірленушілер оған 250 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі сомада ақша аударған. Күдікті барлығы сегіз адамды алдаған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта полицейлер жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда, сондай-ақ заңсыз әрекеттерден зардап шеккендердің бар-жоғын анықтайды.
Бұған дейін елорда полицейлері "балаларыңды грантқа түсіремін" деп ауыл тұрғындарынан ірі көлемде ақша жинап алған алаяқты қолға түсіргені хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript