Түрменің арғы жағындағы "әкімнің орынбасары" бір кәсіпкерді 50 млн теңгеге "қатырды"
Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 6 қыркүйекте Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А. Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды. Істің мән-жайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кеңінен тарқатып айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол ұялы телефонға қол жеткізе отырып, облыс әкімінің орынбасары ретінде өзін таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлеріне қоңырау шалған.
"Сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беремін деген сылтаумен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды". ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметі
Сот үкімімен бұрынғы жазасын қоса отырып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
"Түрлі апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды қырағылыққа және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады", делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript