Жаңалықтар тізбегі
0

"Бала асырап алуға көмектесемін". Ақтөбеде көпті алдаған әйел төрт жылға сотталды

Сот үкімі, Ақтөбе, алаяқтық, бала асырап алу, көмектесу, әйел адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 21:07 Сурет: Zakon.kz
9 қыркүйекте Ақтөбе қаласының №2 соты жаңа туған баланы асырап алуға жәрдемдесуге байланысты бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған әйел адамға қатысты төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Б. 2022 жылы сәуір айында өзінің таныстарына перзентханада жұмыс жасайтынын және анасы бас тартқан жаңа туылған сәбиді еш қиындықсыз заңды түрде асырап алуға көмектесе алатынын айтып, осы негізде өзіне хабарласуға болатынын айтқан.

2022 жылы 25  сәуірде алғашқы заңсыз әрекет тіркелді. Жәбірленуші Ж. сотталушыға қоңырау шалып, өзінің жаңа туған сәбиді заңды түрде асырап алғысы келетінін айтқан. Сотталушы өз еңбегінің ақысы ретінде 600 000 теңге сұраған. Осылайша сотталушы алдау арқылы жәбірленушіден 600 000 теңге көлемінде ақша алған. Одан кейін, 2022 жылдың қараша айында сотталушы өз көмегі үшін 1 200 000 теңге сұрап, екі сәбиді асырап алуға "көмектескен". 2023 жылдың қазан айында сотталушы дәл осындай тәсілмен жәбірленуші Е-нің 1 320 000 теңге ақшалай қаражатын иемденген. Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйек айында сотталушы өзінің танысына Грузия мемлекетінде тіркеуде тұрған автокөлікті ҚР-дың есебіне тіркеуге коюға көмектесе алатынына сендіріп, 1 161 000 теңге қаражатын алдау жолымен алған.

Сот отырысында сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрайтынын, қаражаттарын қайтарынын айтты. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің жауаптарымен, алу жүргізу хаттамасымен және іс бойынша тіркелген басқа да дәлелдемелер жиынтығымен расталды.

Сот үкімімен Б. кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылып, сотталғаннан жалпы сомасы 4 881 000 теңге материалдық залал өндірілді. Жәбірленуші Ж-ның 600 000 теңге материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талабы залалды өтеуіне байланысты қараусыз қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енді. 

Бұған дейін ажырасқан елордалық жігіт бұрынғы зайыбынан тойда жиналған ақшаны сот арқылы қайтарып алмақ болғанын хабарлағанбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: