Өскеменде полицей көлігімен жаяу жүргіншілер жолағында үш жасар баланы қағып кетті
Сотта Өскемен қаласында 2024 жылы 6 маусымда кешкі уақытта TOYOTA CARINA E көлігін тізгіндеген азамат А. Қазыбек би көшесі бойындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында 2020 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргіншіге жол бермей, оны қаққан. Салдарынан жаяу жүргінші С. дене жарақаттарын алды.
Сот отырысында азамат А. өз кінәсін мойындады.
Жасалған құқық бұзушылықтың мәнжайлары, азамат А-ның түсініктемесінен басқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, оқиға қатысушыларының сұрау хаттамаларымен расталды. 2024 жылғы 8 тамыздағы сот-медициналық сараптаманың қорытындысында кәмелетке толмаған жәбірленуші С-ның дене жарақаттары жеңіл дәрежедегі денсаулыққа келтірілген зиян белгісі деп көрсетілген.
"Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін айқындау кезінде сот жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайларын, жол көлік оқиғасының салдарын ескеріп, азамат А-ны көлік құралын басқару құқығынан тоғыз ай мерзімге айыру қажет деп санады", делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.