Жаңалықтар тізбегі
0

"Тегін ауыстырамыз". Павлодарлықтарға алаяқтар осындай желеумен де қоңырау шала бастады

Есептегіш құрылғы, тегін ауыстыру, алаяқтық, Павлодар, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 22:46 Сурет: pixabay
"Павлодарэнергосбыт" компаниясы "есептегіш құрылғыны тегін ауыстырамыз" деген желеумен өңір тұрғындарын қоңырау шалып, қарашаның жеке деректерін иемденетін алаяқтар барын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания соңғы уақытта өздерін "Павлодарэнергосбыт" ЖШС қызметкерлері болып таныстыратын белгісіз тұлғалардың қоңырау шалу жағдайлары жиілеп кеткенін баса атап өтті. Олар электр энергиясын есептейтін құралдарды (электр есептегіштерін) тегін ауыстыруды ұсынады және ол үшін SMS-хабарламада көрсетілген кодты сұрайды.

"Мұны жеке деректеріңізге қол жеткізгісі келетін алаяқтар жасайды. Сондықтан өте сақ болуларыңызды және телефон арқылы жеке ақпаратты бермеуді сұраймыз", - деді компаниядан.

Ақпараттың дұрыстығын нақтылау үшін тұрғындардан кәсіпорынның байланыс орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралады: +7 (7182) 903-309; +7 701 031 7323.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: