Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да Ресей азаматы қамауға алынды

Қамауға алу, ШҚО, Ресей азаматы, мемлекеттік шекара, заңсыз кесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 15:55 Сурет: freepik
Катонқарағай аудандық сотының тергеу судьясы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматы В-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, Ресей Федерациясының азаматы В. Ресейдің Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, 2024 жылы 26 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында шекара қызметкерлерімен ұсталғаны анықталған.


"Шешім қабылдау кезінде сот В-ның Ресей Федерациясының азаматы екенін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері жоқ екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туыстарының жоқ екенін ескерді. Сондықтан, сот жоғарыда аталған мән-жайлар күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау үшін ерекше жағдай деп санады. Сот тергеушінің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатын қанағаттандырып, 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын мақұлдады".Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: