БАӘ-де 1500-ге жуық қазақстандықтың баспанасы бар. Олардың барлығы тексерілетін болады
Сурет: pixabay
Біріккен Араб Әмірліктерінде 1500-ге жуық қазақстандықтың жылжымайтын мүлкі бар. Бас прокуратура олардың қандай жолмен сатып алынғанын тексеретін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазақстандықтардың шетелдегі жылжымайтын мүліктеріне қатысты құқықтық мәселені Бас прокуратура жұмыс тәртібімен қарайтын болады. Егер активтер заңсыз алынған болса, онда азаматтар тиісті тізімге енгізіледі.
"Олардың қалай алынғанына қатысты нақты жұмыстар жүргізіледі, содан кейін заң шеңберінде тиісті шешімдер қабылданады. Барлығы құқықтық алаңда реттеледі", - деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасы олардың арасында Дубайдан заңды жолмен баспана сатып алғандар бар екенін атап өтті. Олардың кейбірі - кәсіпкерлер. Сондықтан барлығы шетінен заңнаманы бұзды деп айыптауға болмайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript