Түркістан облысында 50 адамды 160 млн теңгеге сан соқтырған алаяқтың ісі сотқа жолданды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
25 жастағы Сайрам ауданының тұрғыны 50-ден астам адамды алдап, құрығына түсірген. Жас жігіт жәбірленушілерге несие ресімдетіп, ақшаларыңызды көбейтіп, несиелеріңізді төлеп береміз деп алдаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жоданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі бұл арада жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 160 млн теңгеден асатынын нақтылайды.
Ал Шардара ауданында 29 жастағы ер адам 10-ға тарта жәбірленушіге "ЭЦҚ-кілт ашып беремін" деген сылтаумен жеке басына қатысты мәліметтерді алып, олардың атынан несие ресімдеген. 14,5 млн теңге шығын келтірген іс сотқа жолданды.
Сондай-ақ "Cyberpol" қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде жәбірленушілердің 21 млн теңге қаражаты алаяқтардың есепшотына өтіп кетпей, дер кезінде бұғатталып үлгерген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript