Өскеменде Хэллоуинға дайындалған дәмханаға айыппұл салынды
Сурет: pixabay
Өскемендегі дәмханалардың бірінің алдындағы ағашта қара полиэтилен пакетке оралып, адам денесіне ұқсас салбырап тұрған белгісіз зат қала тұрғындарын шошытты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сөйтсе бұл дәмхана қожайынының Хэллоуин мерекесіне дайындығы болып шықты. Бірақ қала тұрғындарына мұндай декор ұнамады.
Әлеуметтік желіде тез тараған бұл сурет полицияның да назарына ілінді. Арандатушылық дизайн үшін мекеме егесіне айыппұл салынды.
Дәмхана "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін" 30 АЕК (111 мың теңге) төлеуге мәжбүр болады.
Қазір елді шошытқан бұл пакет алынып тасталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript