Қазақстанда болат дайындамаларын әкетуге тыйым салу енгізіледі
Құжатта:
Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары 7206-құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандардағы темір және легирленбеген болат (7203 тауар позициясындағы темірден басқа), 7207 — темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар енгізілсін.
Ведомство бұйрықтың жобасын қосылған құны жоғары орта және жоғарғы қайта бөлудің дайын өнімін шығара отырып, болат өнеркәсібін кеңейту үшін отандық металлургиялық кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында әзірленгенін түсіндірді.
Бұйрық 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.