"Салық төлеуші кабинеті" қосымшасы екі күн жұмыс істемейді
Cурет: сайттың скриншоты
ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері екі күн жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, атап айтқанда web-портал, "Салық төлеуші кабинеті" веб-қосымшасы, "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі, Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар, Біріктірілген салықтық ақпарат жүйесі, Электрон шот-фактуралар, Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі, Е-терезе, Тәуекелдерді басқару жүйесі жұмыс істемейді.
"Астана бойынша 2023 жылғы 14 қаңтарда сағат 09:00-ден бастап 16 қаңтарда сағат 10:00-ге дейін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде деректердің жоғалуын болдырмау үшін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы деректерді сақтау жүйелерін жаңарту бойынша техникалық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript