Лукашенко терактінің алдын алғанын хабарлады
Сурет: Беларусь президентінің баспасөз қызметі
Беларусь Президенті мемлекеттік қызметшілерге қарсы лаңкестік әрекет жасамақ болған жеті адамның ұсталғанын айтты. Күдіктілердің бірі қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Александр Лукашенконың айтуынша, қылмыскерлер прокуратура қызметкерлері мен судьяларға қарсы шабуыл жасауды жоспарлаған, деп хабарлайды БЕЛТА.
Ұстау операциясы туралы ақпаратты Беларусь басшысына елдің ішкі істер министрі Юрий Караев баяндады.
Біз оларды бақылап, күтіп отырдық. Олар мемлекеттік қызметшілерге, соның ішінде прокуратура қызметкерлеріне, тіпті судьяларға да қарсы шабуыл жасамақ болды. Жеті адам ұсталды. Қашып кеткен біреуін іздеп жатырмыз. Біздің ойымызша, ол Ресейге кетті. Бірақ оны ұстаймыз. Беларусь Президенті Александр Лукашенко
Лукашенко бұны "Конституциялық референдумға бойкот жариялауға және мемлекеттік аппаратқа кіруге тырысатын қарсыластарының" әрекеті деп біледі.
Ол шенеуніктерді кадрларды таңдауда абай болуға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript