ЕЭК Кеңесінде Қазақстанның атынан Бақыт Сұлтанов өкілдік етеді
Тиісті хабарлама ЕЭК-қа келіп түсті.
Бақыт Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
Қазақ ұлттық техникалық университеті (1994)
"Инженер-электрик" мамандығы
"Робототехникалық кешендер мен жүйелер" мамандығы
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1995)
"Бизнес және менеджмент" мамандығы
Статистика агенттігінің 2002 жылдың қыркүйегінен бастап 2003 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қаржы нарығы бағалы қағаздар Басқармасының акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастаған.
1995 жылдан бастап бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығының орынбасары (1996), Бюджет департаменті директорының орынбасары (1997), Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры (1998), Қазынашылық департаменті директорының орынбасары (1999), Бюджет департаменті директорының орынбасары (2001), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік Бюджет департаментінің директоры (2002) болып тағайындалды.
2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры.
2003 жылдың маусымынан 2006 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.
2007 жылғы қаңтардан 2007 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2007 жылғы 10 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2010 жылдың 13 наурызында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2012 жылғы 21 қаңтардан 2013 жылғы 6 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2013 жылдың 6 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің орынбасары және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
2018 жылғы 11 Қыркүйек-2019 жылғы 13 маусым — Астана қаласының әкімі (қазіргі Нұр-сұлтан).
2019 жылғы 17 маусым - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.