Жаңалықтар тізбегі
0

Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Nur Otan, Съезд, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2022 16:29 Сурет: Zakon.kz
Партияның жоғары өкілді органы 55 пайызға жаңарды, деп хабарлайды Zakon.kz
389 делегаттың 389-ы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді. Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді. Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды. Партияның баспасөз қызметі

Әйелдердің үлесі 33,7 пайызға дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, һ13 пайызға дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады.

Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды.

Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты.

Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артты. ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ке ұлғайды.

Партияның Саяси кеңесінің жаңартылған құрамында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, ICRIAP басшысы Бағдат Мусин, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин сынды бірқатар мемлекеттік қызметкерлердің жоқтығын байқауға болады.

Партияның Саяси кеңесінің жаңа құрамын мына жерден көре аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: