Канада Сенатында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтілді
Сурет: gov.kz
Канадалық сенатор Дэвис Уэллс, Канада Парламентінің қабырғасында Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 30 жылдығына орай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz
Дэвис Уэллс өз сөзінде қысқа тарихи кезеңде Қазақстан өз дамуында елеулі прогреске және әлеуметтік-саяси табыстарға жеткенін хабарлады.
Оның пікірінше, тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде мемлекетіміз халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесіне және Еуразия құрлығында қарқынды дамып келе жатқан елге айналды.
Канадалық сенатор Қазақстанның ядролық қарусыздануға және жаппай қырып-жою қаруын таратпауға, БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қосқан қомақты үлесін және ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігін атап өтті. Ол еліміздің Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құрудағы маңызды рөліне ерекше тоқтады.
Сөзінің соңында Д.Уэллс Қазақстанды тәуелсіздігінің мерейтойымен құттықтап, Канада үшін Қазақстанмен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript