Беларусьте Ресей мен Украина делегацияларының келіссөзі басталды
РИА Новостидің жазуынша, келіссөзге Ресей тарапынан президенттің көмекшісі Владимир Мединский, Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин, Мемлекеттік Думаның халықаралық комитетінің басшысы Леонид Слуцкий және Ресейдің Беларусьтегі елшісі Борис Грызлов қатысып жатыр.
Украинадан Қорғаныс министрі Алексей Резников, «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, Сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк, Жоғарғы Рада депутаты Рүстем Умеров және Украинадағы Үшжақты байланыс тобы делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин келді.
Тараптар кездесу туралы келісімге кеше келді. Ресей делегациясы Беларуське келіп, Киев өкілдерін сағат 15:00-ге дейін күтуге дайын екенін жеткізген еді.
Алайда Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер нәтижесіне «аса сене қоймайтынын» мәлімдеді.