Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Ресеймен арадағы экономикалық өзара қатынас деңгейін сақтауға ниетті

Сұқбат, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 22:30 Сурет: primeminister.kz
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресейге қарсы санкцияларға неге қосылмайтынын түсіндіре отырып, Ресей экономикасының оқшаулануы ұзақмерзімді перспективада бүкіл жаһандық экономиканың дамуына нұқсан келтіретінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасына берген сұқбатында ол әлемдегі ең ұзын шекараға ие Қазақстан ресейлік серіктестермен арада қалыптасқан сауда-экономикалық өзара қатынас деңгейін сақтап қалуға ниетті екенін атап өтті. Ол, жалпы заңды және саяси тұрғыда біздің мемлекеттер - серіктестер және одақтастар екенін айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан ЕАЭО мен ДСҰ-ның толық құқылы мүшесі бола отырып, РФ және басқа елдермен де сауда қатынастарын ілгерлетуді жалғастырады.

Халықаралық қауымдастық Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге одан әрі ықпал етуі керек деп санаймыз. Біз өз тарапымыздан Ресей мен Украина арасындағы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді

Министрдің пікірінше, тәжірибе көрсеткендей, кез-келген экономикалық немесе саяси санкцияларды қолдану халықаралық даулар мен қақтығыстарды шешудің тиімді әдісі болып табылмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: