Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров Мәскеуде кездесті
Сурет: gov.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеуге жұмыс сапарымен келіп, оның барысында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасылды.
Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайту, отын-энергетика және ғарыш салаларындағы өзара іс-қимыл жөніндегі практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды.
Сурет: gov.kz
Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Сурет: gov.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript